Әсем Нүсіпова ҚР ДСМ жауапты хатшысы лауазымына тағайындалды

0
1 497


Әсем Нүсіпова ҚР ДСМ жауапты хатшысы лауазымына тағайындалды

Әсем Нүсіпова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысының Өкімімен Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылғандығын мәлім етті.