Әсет Исекешев ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды

0
476

Әсет Исекешев 1971 жылы 17 тамыз күні Қарағанды қаласында дүниеге келген.


Әсет Исекешев ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды

Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымынан босатылсын» деп жазылған ҚР Президенті қол қойған Жарлық мәтінінде.

***

Әсет Исекешев 1971 жылы 17 тамыз күні Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Білімі:
1989 жылы Орал қаласындағы №5 арнаулы кәсіби-техникалық училищесін «слесарь-жинаушысы» мамандығы бойынша бітірген.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмәмдаған.

1998 жылы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару мектебін аяқтаған.
Еңбек жолы:
1989 жылы – «Омега» Орал аспап жасау зауытының радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптардың слесарь-жинақтаушысы.

1995 - 1997 жылдары – прокуратура органдарында жұмыс істеді.

1998-1999 жылдары – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бас маманы.

1999-2000 жылдары – ҚР Әділет министрлігі Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және бақылау департаментінің директоры.

2000-2002 жылдары – жеке секторда қызмет істеді.

2002 жылдың қарашасынан бастап ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің кеңесшісі.

2003 жылдың маусымынан бастап ҚР Индустирия және сауда вице-министрі.

2006 жылдың мамыр айынан бастап «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2007-2008 жылдары – жеке секторда жұмыс істеді.

2008 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасының Президентінің көмекшісі.

2009 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Индустрия және сауда министрі, 2010 жылы наурызда Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылдың қаңтарынан Индустрия және жаңа технологиялар министрі, 2012 жылдың қыркүйегінен Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2014 жылдың тамызынан 2016 жылдың маусымына дейін Инвестициялар және даму министрі. Сонымен қатар, 2015 жылдың ақпан айынан бастап инвестициялық омбудсмен.

2016 жылдың 21 маусымынан бастап Астана қаласының әкімі.

2018 жылдың 10 қыркүйегі мен 2019 жылдың 24 наурызы аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.

2019 жылдың 25 наурызынан 2020 жылдың 16 қаңтары аралығында ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры.

2020 жылдың 16 қаңтарынан осы тағайындауға дейін - ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы.

«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.