Ашулы жігіт жедел жәрдем жүргізушісіне бас салды (видео)

0
1 695

Әлеуметтік желіде жас азаматтың жедел жәрдем көлігі жүргізушісіне жұдырық ала жүгірген видеосы тарады


Ашулы жігіт жедел жәрдем жүргізушісіне бас салды (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде жас азаматтың жедел жәрдем көлігі жүргізушісіне жұдырық ала жүгірген видеосы тарады деп жазады zakon.kz.

Видеожазбада "Volkswagen" көлігі қоғамдық көлік жолағында арнайы көліктің жолын бөгейді. Жеңіл көлік ішінен ашумен шыққан жігіт жедел жәрдем көлігінің егде жастағы жүргізушісін балағаттап, жұдырық ала жүгірген. Оқиға Алматы қаласында орын алған деген болжам бар.

Жігіт тап берген жедел жәрдем көлігінде қарт науқас болғаны көрінеді.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов құқықбұзушыны тауып, оған тиісті жаза қолдануын талап етіп отыр.