Ashyq -та жасыл белгісі барлар ПТР-тестсіз шетел аса алады

0
592

Қосымшаға жасыл мәртебеге иелерге артықшылық беру жайы шілде айына дейін енгізу жоспарланып отыр.


Ashyq -та жасыл белгісі барлар ПТР-тестсіз шетел аса алады

ERNUR.KZ. Ashyq қосымшасында "жасыл" белгіге ие қазақстандықтарға ел шекарасынан ПТР-тест тапсырмай өтуге рұқсат беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Жанар Оразалина айтты, деп жазады zakon.kz.

Қосымшаға жасыл мәртебеге иелерге артықшылық беру жайы шілде айына дейін енгізу жоспарланып отырғандығын айтқан Оразалина мұндай мәртебеге ие қазақстандықтар ұшаққа ПТР-тест тапсырмай-ақ отыра алатындарын атап өтті.

Иә, ол (вакцинацияланған - шамамен) жасыл болып саналады. Олардың емін-еркін жүруіне рұқсат етіледі. Ондай жолаушы шетелден емін-еркін ұшып келіп, ПТР-тест көрсетпей, біздің шекарадан өте алады, - деді ол.