Ashyq қателессе не істеу керек - ресми өкіл жауабы

0
468

20 мамырда Ashyq қосымшасының жұмысында техникалық ақаулар байқалды.


Ashyq қателессе не істеу керек - ресми өкіл жауабы

ERNUR.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық шешімдер департаментінің директоры Бекболат Молдабеков Ashyq адамға қате мәртебе танса, не істеу керектігін айтты, деп жазады zakon.kz.

"Бұл ретте белгілі бір алгоритм бар. Бізде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері немесе әр мекемеде телефон бар. Әуежайда да дәрігерлердің жеке бөлмесі бар. Негізінен, мұндай қателіктер болмауы керек, өйткені Ashyq ЖСН енгізген кезде бірден Денсаулық сақтау министрлігінің базасына шығып, ПТР-тест нәтижесін сұрайды. Бірақ егер шынымен де түсініксіз жайт орын алса, СЭС өкілдері әуежайда отырады, олар мәселені бірден шешеді, базаға кіріп, жағдайды түзетеді", - деді Бекболат Молдабеков.

Айта кетсек, 20 мамырда Ashyq қосымшасының жұмысында техникалық ақаулар байқалды. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі кеше жүйе ұлттық ақпараттық технологиялар операторы "ҰАТ" АҚ серверлеріне өткенін хабарлады.

Бірақ бұл жайынан қосымшаны қолданатын барлық нысандарға ескерту берілді, сондықтан әуежайға кіріп-шығу бойынша ешқандай кедергі болған жоқ.