Асқар Мамин Қырғызстанға барады

0
1 058

​Үкімет басшысы ертең, 9 тамыз күні Қырғызстанға аттанады.


Асқар Мамин Қырғызстанға барады

Премьер-Министр Асқар Мамин Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЕАҮК отырысының күн тәртібінде ішкі нарықтың жұмыс істеуі, өнеркәсіптік кооперация, технологиялар трансфері, ауыл шаруашылығы, кедендік әкімшілендіру, көлік және логистика, трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл салаларында Одақ аясындағы интеграциялық процестерді одан әрі дамыту мәселелері қаралады.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінің басшыларын Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков қабылдайды деп күтілуде.