Әскердегі қару-жарақтың дені кеңес дәуіріндегі техника - Тоқаев

0
935

Қасым-Жомарт Тоқаев қару-жарақ сақтайтын нысандарда төтенше жағдайлардың қайталануына жол бермеу қажеттігін еске салды.


Әскердегі қару-жарақтың дені кеңес дәуіріндегі техника - Тоқаев

Әскердегі қару-жарақтың дені – 30-50 жыл болған кеңес дәуіріндегі техника. Бұл туралы ҚР Президенті - Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен өткізген кеңесте айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев қару-жарақ сақтайтын нысандарда төтенше жағдайлардың қайталануына жол бермеу қажеттігін еске салды. Осыған байланысты Президент қару-жарақтардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, пайдалануға жарамсыз және әрі қарай сақтауға қауіпті қару-жарақтарды жою шараларын жүзеге асыруды жалғастыру керек екенін айтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан армиясының техникалық және жауынгерлік жабдықтарын жаңарту міндетін жүктеді.

"Әскердегі қару-жарақтың дені – 30-50 жыл болған кеңес дәуіріндегі техника. Ескірген техникалардың мерзімінің өткеніне байланысты қару-жарақ паркін жаңарту үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Қарулы Күштер заманауи әрі жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықталуы тиіс. Қабылданатын шаралар жүйелі болуы керек. Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндейтін, оларға қызмет көрсететін отандық өндірісті дамыту қажет", – деді Жоғарғы Бас қолбасшы.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді.