​Әскерге жарамды жастардың арасында көзі нашарлағандар көбейген

2
2 818

Бойлары аласа, салмағы аз балалар азайыпты. Есесіне гаджеттер мен компьютерді жиі қолданғандықтан көру қабілеттері нашарлай бастағандар қатары артқан.


​Әскерге жарамды жастардың арасында көзі нашарлағандар көбейген

иллюстрациялық фото ашықдереккөзден

Алматыда жасөспірімдерді әскерге шақыру пунктерінде тіркеу басталды. Биыл 17 жасқа толған жеті мыңға жуық жас жігіт сарбаз қатарына қабылданбақ. Мамандар қазіргі жастардың денсаулықтарында айтарлықтай кінәрат жоқ дейді. Тек көзі нашарлағандар көбейіп кетіпті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қалада жастарды әскери есепке қою басталды. Биыл жеті мың жас жігітті тіркеуге алынбақ. Сондықтан жоғарғы сынып оқушылары әскери комиссиядан өткізілуде. Алматылық Оспан Ержан Отан алдындағы борышын өтеу азаматтық парызы деп санайды. Сондықтан алдағы уақытта еліміздің ең шеткі шебі, шекара қызметінде болуды армандайды.

" Мен Қазақстан азаматы болғандықтан, мен болашақта өзіміздің елімізді қорғайтын үлкен азамат, іскер болып, патриот болғым келеді. Және Қазақстанның әскери дамуына үлес қосқым келеді" - дейді 10 сынып оқушысы ОСПАН ЕРЖАН.

Әскери-медициналық комиссия мүшелерінің пікірінше, өткен жылдармен салыстырғанда балалардың дене бітімі, ойлау қабілеті жоғарлаған. Денсаулықтарынада да айтарлықтай кінәрат жоқ. Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес, қазір майтабандар да әскерге қатарына алынады екен. Бойлары аласа, салмағы аз балалар азайыпты. Есесіне гаджеттер мен компьютерді жиі қолданғандықтан көру қабілеттері нашарлай бастағандар қатары артқан.

"Кейбір тері аурулары болады. Оларды емдеп жазуға болады. Терапевте де аурулар кездеседі. Гастриті бар, басқа пневманиялар бар. Оларда емдеп жазылып, ертең әскерге дайын болып тұрады. Бірақ, көз дәрігерінде көру қабілеті кішкене нашарлағандар көбейіп келеді" - дейді аудандық медициналық комиссияның төрағасы ЖАПАР ТӨЛЕМІСОВ.

Қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілдерінің айтуынша, кейінгі жастар арасында әскерге баруға деген қызығушылық артқанын жеткізді. Мамандар жастармен әңгімелесіп, медициналық тексеруден өткізіп, осы рәсімнен сәтті өткендерін іскери есепке қояды. Тіркеуге алынғандардың шамамен 80 пайызы Отан алдындағы борышын өтеуге әзір көрінеді.

"Жас азаматтарды әскери есепке қоюдың басты мақсаты - олардың саны мен әскерге жарамдылығын анықтау. Білім деңгейі, алған мамандықтары мен физикалық дайындықтарын тексеру. Олардың ішіндегі әскерге жарамдылары ертең 18 жасқа толғанда Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылатын болады" - дейді Бостандық аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары міндетін уақытша атқарушы ПОЛАТЖАН ХАЛИЛОВ

Әскерге шақырту науқаны барысында жастарға әскери қызметтің артықшылықтары мен мүмкіншіліктері туралы айтылады. Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери оқу орындарына қабылдау бойынша қосымша насихат жұмыстары жүргізіледі. Қызығушылық танытқандарына әскери оқу орнына қабылдану жолдары да түсіндіріледі.