Әскери кафедраны биыл аяқтағандар 2 жылға әскерге шақырылады – Қорғаныс министрлігі

0
355

Әскери кафедраны аяқтап, «лейтенант» атағын алғандар тартылады.


Әскери кафедраны биыл аяқтағандар 2 жылға әскерге шақырылады – Қорғаныс министрлігі

ERNUR.KZ. Әскери кафедраны биыл аяқтағандар екі жылға әскери қызметке шақырылады. Бұл туралы Қарулы күштердің Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Бауыржан Артықов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ОКҚ-да ведомство өкілі тілшілердің «Запастағы офицерлерді қызметке шақырту жоспарланған. Осы жылы әскери билет алатындар әскери қызметке тартыла ма?» деген сауалына жауап берді.

Артықовтың айтуынша, биыл запастағы офицерлерді шақыру көзделіп отыр.

«Биыл жоғары оқу орындарында «лейтенант» атағын алатын студенттер де бұдан хабардар. Өйткені біз жоғары оқу орындарымен тығыз байланыстамыз. Олар Отан алдындағы борышын 2 жыл өтейді. Білім ордасында әскери кафедраны аяқтаған соң студент нақты мамандық алып шығады, сол арқылы біз күштік құрылымдарды толықтырамыз», – деп жауап берді полковник.