Әскери қызметкер ұрлық жасаған жұмысшыны жазалаймын деп өлтіріп алды

0
1 328

Іс материалына сүйенсек, металды ыдыс үшін туған дау-жанжал кезінде А.Жәрменов жұмысшыны жұдырығымен бірнеше рет ұрып, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген. Кейін оқиға орнынан кетіп қалған. Ал ішінен ауыр соққы алған жәбірленуші 2017 жылдың 27 қазаны күні қаза болды.


Әскери қызметкер ұрлық жасаған жұмысшыны жазалаймын деп өлтіріп алды

Ақтөбеде Т.Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының жүргізушісі үйін жөндеп жүрген жалдамалы жұмысшыны өлтіріп алды. Ақтөбе гарнизоны әскери сотында іске қатысты үкім шықты, деп хабарлайдыҚазАқпарат.

Әуе қорғанысы күштері әскери институтының жүргізушісі Аян Жәрменов өткен жылдың қазан айында жәбірленуші С.Киктенконы үй жөндеуге жалдайды.

Іс материалына сүйенсек, металды ыдыс үшін туған дау-жанжал кезінде А.Жәрменов жұмысшыны жұдырығымен бірнеше рет ұрып, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген. Кейін оқиға орнынан кетіп қалған. Ал ішінен ауыр соққы алған жәбірленуші 2017 жылдың 27 қазаны күні қаза болды.

Сот-медициналық сараптама кезінде 54 жастағы С.Киктенконың ішіне қан кету, көкбауырдың жыртылуы салдарынан қаза болғаны анықталды. А.Жәрменов Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айыпталды. Бірақ ол тағылған айыппен келіспеді. Сотталушы танысы С.Киктенконы үйін жөндету үшін жалдағанын айтты.

Ал жөндеу жұмыстарын жүргізген жәбірленуші көршісінің металл ыдысын рұқсатсыз алып кетпек болған. Ұрлық жасамақ болған жұмысшыны «жазалаған» Жәрменов оның қаза болғанын көршілерінен естіген.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы А.Ахметов денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген сотталушы Аян Жәрменовты айыпты деп танып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Әуе қорғанысы күштері әскери институтының жүргізушісі «сержант» шенінен айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.