Әскери қызметкерлер туралы заңға өзгерістер енгізіледі

0
1 083

Заң жобасының қабылдануы әскери бөлімдерді кадрлық ресурстармен кепілдендірілген қамтамасыз етуді ұлғайтуға және дайын резервтегі күштерді құруға мүмкіндік береді.


Әскери қызметкерлер туралы заңға өзгерістер енгізіледі

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі запастағы әскери қызметкерлер туралы заңға өзгерістер енгізеді, деп жазады orda.kz

Заң жобасының қабылдануы әскери бөлімдерді кадрлық ресурстармен кепілдендірілген қамтамасыз етуді ұлғайтуға және дайын резервтегі күштерді құруға мүмкіндік береді.

"ҚР Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне запастағы қызметті енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі", - деп хабарлайды ведомство.

Заң жобасының мақсаты – жұмылдыру кезеңiнде де, табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдай кезiнде де Қарулы Күштердi әскери даярлықтан өткен запастағы жауынгерлермен кепiлдi толықтыруды реттеу.

Заң жобасының қабылдануы әскери бөлімдерді кадрлық ресурстармен кепілдендірілген қамтамасыз етуді арттыруға, жауынгерлік әзірлікте резервтегі күштерді құруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен 25 наурызға дейін Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында танысуға болады.