Әскери ұшқыштар ауа райының күрделі жағдайында жаттығуда

0
1 148

Авиабазаның нұсқаушы ұшқыштары ауа райының қиын жағдайында өздерінің шеберліктерін үнемі шыңдап отырады


Әскери ұшқыштар ауа райының күрделі жағдайында жаттығуда

ERNUR.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігі Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерінің бірінде қиын метеорологиялық жағдайларда оқу-жаттығу ұшулары өткізілуде, деп жазады ҚазАқпарат.

Министрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ұшулар жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізілуде. Ұшқыштар жаттығуларды қолайсыз метеожағдайларда күндіз және түнде көретін құрылғыларды қолдана отырып жасауда. Бұл, майдандық авиацияның ұшу құрамының жауынгерлік даярлығы бойынша маңызды элеметтердің бірі болып табылады.

Ұшу құрамының теориялық сұрақтарды терең зерделеу, ұшақ кабинасында және жаттығу аппаратурасында жаттығуларды сапалы өткізу, приборлар бойынша ұшуларды әдістемелік тұрғыдан дұрыс оқыту, сондай-ақ шынайы күрделі метеорологиялық жағдайларда жауынгерлік ұшақтағы жүйеде жаттығулар болған кезде ғана осы тапсырманы сәтті орындау мүмкін болады.

Авиабазаның нұсқаушы ұшқыштары ауа райының қиын жағдайында өздерінің шеберліктерін үнемі шыңдап отырады. Сондай-ақ жас құрамды күрделі метеожағдайларда жауынгерлік іс-қимылдарды орындауға үйретеді.