Әскерилер Маңғыстауға артиллерияны шоғырландыру себебін түсіндірді

0
938

Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері басқармасының баспасөз қызметінің басшысы Рүстем Игісінов мәлімдеген.


Әскерилер Маңғыстауға артиллерияны шоғырландыру себебін түсіндірді

ERNUR.KZ. Әскерилер артиллерияны Маңғыстауға шоғырландыру себебін түсіндірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Маңғыстау облысында Зымыран әскерлері мен артиллерияның лагерь жиындары өтіп жатыр. Батыс бағыттағы – Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизондарының артиллериялық бөлімшелері далада бір ай бойы шабуылдау және қорғаныс әскери қимылдарын жүргізу дағдыларын жетілдірді. Жеке құрам жауынгерлік атыс жүргізіп, артиллериялық батареялардың тактикалық жаттығуларын пысықтады. Офицерлер атысты түзетудің кей тұстарын, күннің қай уағы, ауа райының қандай болуынан тыс нысананы жою, нысананы атысусыз жою тәсілдерін зерттеді. Артиллериялық атыстар «Град» реактивті жүйелерінен, «Гвоздика», «Акация» және «Тюльпан» өзі жүретін артиллериялық қондырғылардан, артиллериялық қару және минометтардан жүргізілді», - деп мәлімдеді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері басқармасының баспасөз қызметінің басшысы Рүстем Игісінов.

Оның айтуынша, оқу-жаттығулар кезінде артиллериялық бөлімшелер атыс позицияларында барлау және басқарушысыз ұшатын аппараттар бөлімшелерімен тығыз байланыс орната білді.