Асхат Аймағамбетов карантин кезіндегі балабақшалардың жұмысы туралы айтты

0
740

Қазіргі уақытта карантинді ұзарту туралы шешім қабылданды.


Асхат Аймағамбетов карантин кезіндегі балабақшалардың жұмысы туралы айтты

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшалардың жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

"Қазіргі уақытта карантинді ұзарту туралы шешім қабылданды. Тиісінше, мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді. Осы уақыт өткеннен кейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезекші топтардың жұмысы бойынша шешім қабылданатын болады. Біз бұл процеске белсенді қатысамыз. Бұл жерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды", - деді ОКҚ-де өткен брифингте Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін министр коронавирус пандемиясына байланысты 1 қыркүйектен бастап Қазақстанның мектеп оқушылары мен студенттер қашықтан білім алатындығы туралы шешім қабылданғанын хабарлады.