Астана - Қызылорда - Астана жолаушылар пойыздары шұғыл тоқтатылды

0
406

№92 пойызы Айса стансасында тоқтатылып, Қарағандыға қайтарылды. Сол жерде жолаушыларға билеттің құны түгел қайтарылады.


Астана - Қызылорда - Астана жолаушылар пойыздары шұғыл тоқтатылды

ERNUR.KZ Жел мен ылғалдылықты қоспағанда, ауа температурасының минус 35 градусқа төмендеуіне байланысты, Астана «Нұрлы жол» - Қызылорда бағытындағы №92 және кері бағыттағы №91 жолаушылар пойыздары тоқтатылды, деп жазады ҚазАқпарат «Жолаушы тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

№92 пойызы Айса стансасында тоқтатылып, Қарағандыға қайтарылды. Сол жерде жолаушыларға билеттің құны түгел қайтарылады.

Ұлттық тасымалдаушы шұғыл шараларды қарастырып жатыр.

Атап айтқанда, жолаушыларды діттеген стансаларына жеткізіп салу үшін №86 Астана - Сарыағаш пойызына жалғанып, кесте бойынша жіберілетін қосымша 6 купе вагоны әзірленді.

Сонымен қатар Қарағанды стансасында тоқтатылған рейс билеттерінің ақшасын қайтарып, №86 Астана - Сарыағаш және басқа пойыздарға билет рәсімдеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Жолаушыларға тегін тамақ беріліп, қалыпты температура режимі сақталып отыр.

Рейстің тоқтатылғаны туралы хабар осы пойыз өтетін вокзалдардың анықтама бөлімдері арқылы және дауыстап хабарланып жатыр.




Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет