Астана әкімі өзінің отставкасы туралы сыбыстарға қатысты пікір білдірді

0
624

Алтай Көлгінов бәрі уақыт еншісінде екенін айтты.


Астана әкімі өзінің отставкасы туралы сыбыстарға қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің отставкасы туралы сыбыстарға қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Пезидентін ұлықтау рәсімінен кейін БАҚ өкілдері елорда әкімі Алтай Көлгіновтен өз отсткавкасы туралы телеграм-арналарда тараған ақпараттарға қатысты пікірін сұрады.

«Мен сыбыстарға байланысты ештеңе деп пікір білдіре алмаймын. Менің ойымша, бәрін уақыт көрсетеді. Өздеріңіз білесіздер, заңға сәйкес, Конституция бойынша Президент сайланғаннан кейін әкімдердің бәрі де өз лауазымын босатады. Одан әрі қарай не болатынын өздеріңіз де еститін шығарсыздар. Біз әрдайым елге, қоғамға қызмет етуге дайынбыз. Мемлекеттік қызметтің де мәні сол ғой», - деді Алтай Көлгінов.