Астана әуежайында ұшақтардың кеш келуіне байланысты 3 рейстің уақыты ауысты

0
441

Кеше елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған болатын.


Астана әуежайында ұшақтардың кеш келуіне байланысты 3 рейстің уақыты ауысты

ERNUR.KZ. Елорда әуежайының әуе айлағында жағдай тұрақты. Тек ұшақтың кеш келуіне байланысты 3 рейстің уақыты өзгерді, деп жазады inform.kz.

«Астанада күн райы тұрақталып, ұшуға қолайлы болып тұр. Бүгін ауа райына байланысты рейстер тоқтатылған жоқ. Қазір әуе айлақта желдің жылдамдығы – 6 м/с, ауа температурасы – 18°C. Бүгін елорда әуежайында ұшуға 74 рейс жоспарланған болатын. Оның 3-еуі ұшақтың кеш келуіне байланысты кешіктірілуде», - деп жазды баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кеше Астанада қолайсыз ауа райына байланысты кейбір рейстер кестесі өзгерген еді. Әуе айлақ қызметі 14:00-20:00 аралығында желдің жылдамдығы 22 м/с-дан 27 м/с дейін жетуі мүмкіндігі туралы хабарлама алды.

Кеше елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған болатын. Оның 12 рейсі (4 ұшатын, 8 ұшып келетін) ұшақтың кеш келуіне байланысты кешікті. Елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты IQ389 Астана-Жезқазған бағытында ұшатын рейс тоқтатылды.