"Астана" француз ойыншысын қатарға қосты

0
402

Белгілі болғандай, Лебон елордалық клубта 19 нөмірмен доп тебеді.


ERNUR.KZ. "Астана" футбол клубы франциялық шабуылшы Килан Лебонмен толықты, деп жазады Vesti.kz.

Ол спорттық карьерасында өз елінде "Амьен", "Париж" және "Шамбли" сынды командаларда ойнаған. Соңғы рет Болгарияда "Берое" клубының намысын қорғады.

Белгілі болғандай, Лебон елордалық клубта 19 нөмірмен доп тебеді.