«Астана» футбол клубына «Тулузаның» шабуылшысы қосылды

0
833

Фирмин Конго ДР құрамасы сапында өткізген 45 ойында 9 гол соққан.


«Астана» футбол клубына «Тулузаның» шабуылшысы қосылды

ERNUR.KZ. Бүгін Конго ДР құрамасының және франциялық «Тулуза» командасының шабуылшысы Фирмин Мубеле «Астана» футбол клубымен еңбек келісімшартына қол қойды, деп жазады елордалық команданың ресми сайты.

Шабулшы мансабын өз отанында бастап, артынша катарлық «Аль-Ахли», одан соң елорда жанкүйерлеріне жақсы таныс франциялық «Ренн» сапына ауысады. Одан әрі «Тулуза» командасының қатарын толықтырды. 25 жастағы Мубеле Францияның ең жоғарғы чемпионатында 60 ойын өткізіп, 10 гол соққан.

Фирмин Конго ДР құрамасы сапында өткізген 45 ойында 9 гол соққан. Конголық шабуылшыны «Астана» футбол клубы жалға алды.