​Астана күнінде өтетін гала-концертке балалар мен жасөспірімдер кіргізілмейді

0
1 603

Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпсіздікке жол бермеу мақсатында жоғарыда аталған санатқа жататын азаматтар гала-концерт өтетін аумаққа кіргізілмейтін болады.


​Астана күнінде өтетін гала-концертке балалар мен жасөспірімдер кіргізілмейді

фото: nat-geo.ru

ERNUR.KZ. Астана күніне орай өтетін гала-концертке балалар мен жасөспірімдер қатыса алмайды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Астана қаласының Ішкі істер департаменті елорданың 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралардың аясында 16 жасқа толмаған азаматтарды «Қазақ елі» монументінің алаңында өтетін гала-концертке бармауды, кішкентай сәбилері бар ата-аналарды сол концертке балаларын ертіп келмеуін сұрайды", - делінген хабарламада.

Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпсіздікке жол бермеу мақсатында жоғарыда аталған санатқа жататын азаматтар гала-концерт өтетін аумаққа кіргізілмейтін болады.

Сондай-ақ, көліктердің көптеп жиналуын, кептелістерді болдырмау үшін Астана қаласының ІІД азаматтарға қоғамдық көлікте жүруге кеңес береді. Гала-концерт көрермендерін елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы автобустар белгіленген орынға жеткізетін болады. Қоғамдық көліктер мына нысандарға аялдайды:

  1. «Жастар» сарайы (Республика даңғылынан)
  2. «Қазақстан» спорт сарайы (Қажымұқан көшесінен)
  3. Елорда циркінің Қорғалжын тас жолы көшесіндегі тұрағы
  4. Достық көшесіндегі «Нұр Астана» мешітінің тұрағы

Жол ақысы – 90 теңге, жол жүру билеттері – жарамсыз.

Сонымен қатар, «Қазақ Елі» монументі алаңының ауданына қызмет көрсететін қалалық он бағдардың жұмысы түнгі сағат 2-ге дейін ұзартылатын болады.

Бұдан бөлек, елорда тұрғындары мен қонақтарына сағат 18:00-ден гала-концерттің соңына дейін М-1 көпірінен Аманжолов көшесінің аралығындағы Байтұрсынов көшесінде, Байтұрсынов пен Нәжімеденов көшелерінің аралығында жатқан Аманжолов көшесінде, М-3 көпірінен Аманжолов көшесіне дейінгі аралықта жатқан Нәжімеденов көшесінде, Қошқарбаев пен Нәжімеденов көшелерінің аралығындағы Тәуелсіздік даңғылында (қоғамдық көліктерден басқа) көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылады.

Гала-концерт аяқталған соң, Астананың триатлон саябағы, Есіл өзені жағалауы, Нұржол желек жолы аумағынан мерекелік от шашуды тамашалауға болады.