Astana LRT қаржысын жымқыру ісі прокуратураға кері қайтарылды

0
467

Сотталушылардың қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды.


Astana LRT қаржысын жымқыру ісі прокуратураға кері қайтарылды

ERNUR.KZ. Astana LRT қаржысын жымқыру ісі прокуратураға кері қайтарылды, деп жазады zakon.kz.

Судьялар алқасы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Аманжолов, Нұрпейісов, Әшім, Ачилов, Қасабаев, Мүсенов, Әбдіхамитовке қатысты 2021 жылғы 28 мамырдағы үкімінің күші жойылды деп шешім шығарды. Басты сот талқысын тағайындауға кедергі келтіретін көзге көрініп тұрған бұзушылықтар мен қылмыстық іс жүргізу заңнамасы нормаларын жою үшін қылмыстық істі Нұр-Сұлтан қаласының прокурорына қайтарылсын (...), - деді Нұр-Сұлтан қалалық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Абай Көкжалов.

Сотталушылардың қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды.