Астана полициясы бес жастағы қыздың соққыға жығылуын тергеп жатыр

0
1 484

Астана полициясы соққыға жығылып, ауруханаға түскен қызға қатысты тергеу істерін жүргізуді бастады, деп хабарлайды sputniknews.kz ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана полициясы бес жастағы қыздың соққыға жығылуын тергеп жатыр

фото: sputniknews.kz

Астана полициясы соққыға жығылып, ауруханаға түскен қызға қатысты тергеу істерін жүргізуді бастады, деп хабарлайды sputniknews.kz ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астананың медициналық мекемесі хабарлағандай, ішкі істер департаменті сотқа дейінгі тергеу ісін бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Сотқа дейінгі тергеуге қатысты басқа мәлімет ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды", — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бас сүйек және дене жарақатын алған қыз №2 қалалық балалар ауруханасына 1 наурыз күні түскен. Оны ауруханаға ағасы алып келіпті.

Мамандар баланы қарап шығып, миында гематома барын анықтаған. Шұғыл арада нейрохирургия бөліміне жатқызылып, операция жасалыпты.

Қыздың хәлі орташа, дәрігерлердің ерекше қарауында.

Әлеуметтік желідегі қыздың суреттерін көрген жұрт баланы аяусыз соққыға жыққан деп пайымдайды.