Астана процесінің арқасында Сириядағы жағдай тұрақтанды - СІМ

0
396

Бақаев кепілгер елдердің ауқымды күш-жігері мен БҰҰ ұйымдарының тұрақты қолдауының арқасында күрделі, шешімін таппаған мәселелер тиімді шешіліп жатқанын атап өтті.


Астана процесінің арқасында Сириядағы жағдай тұрақтанды - СІМ

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сирия жағдайы бойынша өткен 21-ші халықаралық кездесудің қорытындысын айтты, деп жазады baq.kz.

Соңғы екі күнде тараптар Сириядағы жағдайды одан әрі тұрақтандыруға және ондағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды және мазмұнды келіссөздер жүргізді. Астана процесінің арқасында Сириядағы жағдай айтарлықтай тұрақтанды және қалпына келу кезеңінің алдында тұр деуге толық негіз бар, - деді Әлібек Бақаев.

Бақаев кепілгер елдердің ауқымды күш-жігері мен БҰҰ ұйымдарының тұрақты қолдауының арқасында күрделі, шешімін таппаған мәселелер тиімді шешіліп жатқанын атап өтті.

Осыған байланысты мүдделі тараптар Астана процесінің нәтижесінде қалыптасқан қолайлы жағдайды барынша пайдалана отырып, жанжалдың саяси шешімін табады деп үміттенеміз, - деп вице-министр.

Сондай-ақ Сыртқы істер министрінің орынбасары Сирия бойынша 21-ші халықаралық кездесу қорытындысы бойынша мәлімдемесінде кезекті 22-ші халықаралық кездесу 2024 жылдың екінші жартысында Астанада өтеніні айтты.