Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады

0
388

Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері орындалады.


Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады

ERNUR.KZ. Биыл 25 шілдеден бастап "Астана – Уфа" тұрақты рейстері жанданады, деп жазады sputnik.kz.

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс аясында ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады.
Осылайша "Red Wings" әуе компаниясы 2023 жылғы 25 шілдеден бастап Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды.
Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері орындалады. Жолаушыларды "Sukhoi Superjet-95" типті әуе кемелері тасымалдайды.
Әуе қатынасын жаңғырту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.