Астанада 8-сынып оқушысы мектепте төртінші қабаттағы терезеден секіріп кетті – ІІМ оқиғаға анықтама берді

0
272

17 сәуірде № 72 мектеп-лицейдің сегізінші сынып оқушысы білім ордасының төртінші қабатындағы терезеден секіріп кетті.


Астанада 8-сынып оқушысы мектепте төртінші қабаттағы терезеден секіріп кетті – ІІМ оқиғаға анықтама берді

ERNUR.KZ. Қазақстан Ішкі істер министрлігі 2024 жылғы 17 сәуірде елордалық мектептердің бірінде сегізінші сынып оқушысы терезеден секіргені туралы оқиғаға түсініктеме берді, деп жазады zakon.kz.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев болған оқиғаны растады.

"Аталмыш оқиға кеше орын алды. Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркедік. Қазір тергеуді бастадық және оның нәтижесі бойынша ғана қорытынды жасай аламыз. Дәл қазір оқиғаның себептері туралы нақты айта алмаймын, бұл үшін қажетті зерттеулер мен сараптамалар қажет", – деді Марат Қожаев.

Айта кетейік, 17 сәуірде № 72 мектеп-лицейдің сегізінші сынып оқушысы білім ордасының төртінші қабатындағы терезеден секіріп кетті. Зардап шеккен жасөспірімнің миы шайқалған, кеуде және қарын тұстында жарақаттары бар, оң иық асты сүйегі мен оң аяғы сынған.