Астанада ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр

0
1 689

Жалпы Қазақстанда 4 миллионға жуық әйел ауылда тұрады


Астанада ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Астанада «Қазақстанның ауылдық аумақтарын тұрақты дамытуға әйелдердің үлесі» атты ауыл әйелдерінің бірінші форумы өтті, деп жазады 24.kz.

Жиналғандар ауыл шаруашылығын дамыту, жұмыссыздықты жою, шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету мәселелерін талқылады. Жалпы Қазақстанда 4 миллионға жуық әйел ауылда тұрады.

Олар мемлекеттік қызметте, әлеуметтік салада, орта және шағын кәсіпкерлікте еңбек етіп жүр. Мәселен, аудандық мәслихат депутаттарының 512-сі – әйел, бесеуі - аудан әкімі, 348-і – ауылдық округтер мен кент әкімдері. Сондай-ақ 40 мыңнан астам шаруа қожалығын әйелдер басқарып отыр.