«Бәйтерек» монументі жабылады

0
3 167

Астанада «Бәйтерек» монументі бірнеше күнге жабылады.


«Бәйтерек» монументі жабылады

ERNUR.KZ. Астанада «Бәйтерек» монументі бірнеше күнге жабылады, деп жазады ҚазАқпарат.

«1-7 қазан күндері аралығында жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты «Бәйтерек» монументіөз жұмысын тоқтатады.

Еліміздің басты ескерткіштердің бірінде конструкцияның шыны бөлігін жуу, ішкі қабырғаларды сылау және ғимаратты пайдалану кезінде туындаған кейбір кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар монументті қысқа және жылыту кезеңіне дайындау жұмыстары қолға алынбақ», - деп атап өтті қалалық Мәдениет және спорт басқармасынан.

Монумент 8 қазан күні келушілер үшін қайта ашылады.