Астанада «Барыс» спорт кешені маңында коньки тебуге тыйым салынды

0
507

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.


Астанада «Барыс» спорт кешені маңында коньки тебуге тыйым салынды

ERNUR.KZ. Елордада «Барыс» спорт кешенінің маңында коньки тебуге тыйым салынды, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.

«Ауа райының күрт өзгеруіне, мұздың еруіне байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына Алматы ауданы Ақбұлақ өзенінің «Барыс» спорт кешенінің бойындағы («Қазақстан» спорт кешенінің жанында) су айдындарында коньки тебуге тыйым салынатынын ескертеді. Азаматтардан төтенше оқиғаларды болдырмау мақсатында ескертулерді тыңдауды сұраймыз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыз!» - делінген хабарламада.