Астанада биіктен құлап кеткен тағы бір альпинист қаза болды

0
1 093

12 қазанда түсте Астанадағы құрылыс нысандарының бірінде төрт өнеркәсіптік альпинист биіктен құлап кеткен болатын.


Астанада биіктен құлап кеткен тағы бір альпинист қаза болды

ERNUR.KZ. Астанада "Алтын бесік" тұрғын үй кешенінде жұмыс істеп жатқан кезде биіктен құлап кеткен төрт альпинистің үшіншісі қаза болды, деп жазады tengrinews.kz.

"Астанадағы құрылыс нысандарының бірінде биіктен құлаған альпинистердің үшіншісі қаза тапты", - деп хабарлады ведомство.

Еске сала кетейік, 12 қазанда түсте Астанадағы құрылыс нысандарының бірінде төрт өнеркәсіптік альпинист биіктен құлап кеткен болатын. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оқырмандар хабарлады. 24 жастағы жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмғаны атап өтілді. Кейін ауруханада тағы бір альпинистің қаза болғаны белгілі болды.