Астанада дәмхана маңындағы төбелес кезінде оқ атқан ер адам ұсталды

0
775

Ол есірткі сатып, қару қолданды деген айыппен қамауға алынды.


Астанада дәмхана маңындағы төбелес кезінде оқ атқан ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Елордада дәмхана маңында жанжал кезінде қару қолданған 31 жастағы ер адамды анықталып, ұсталды, деп жазады zakon.kz.

Ол есірткі сатып, қару қолданды деген айыппен қамауға алынды.

"Елордадағы дәмхана маңында жанжал кезінде қару қолданған 31 жастағы ер адамды анықталды. Сараптамаға сәйкес, оның қолындағы қару газ-травматикалық калибрлі 45 RUBBER, МП-80-13Т тапанша екені анықталды".Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Сондай-ақ 38 жастағы елорда тұрғынына тиесілі ВАЗ-2115 автокөлігінің салонын тексеру барысында полиэтилен пакеттерге оралған 435 дана көлемінде мефедрон есірткісінің ірі партиясы тәркіленді.

Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Оның ішінде сот-химиялық сараптамалар да бар. Есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы қылмыстарға қатысы бар екі адам да УҰИ-ға қамалды.