Астанада екі ер адам құдыққа түсіп, газға уланып қалған

0
434

Астаналық ер адам құдықта ес-түссіз жатқан.


Астанада екі ер адам құдыққа түсіп, газға уланып қалған
ERNUR.KZ. Астанада 1985 жылғы ер адам құдыққа түскенде, газ буларына тұншығып, құдыққа құлаған, деп жазады stan.kz.

Астаналық ер адам құдықта ес-түссіз жатқан. Мұны 1998 жылғы ер адам көріп, көмектесу үшін құдыққа түсіп, өзі де көмірқышқыл газына уланыпты.

Ер адамдарды МӨС-3 қызметкерлері құдықтан шығарып, "ауыр дәрежедегі күкіртті сутегімен улану " диагнозымен ауруханаға жатқызған", – деп хабарлады Астана ТЖД.