Астанада екі жас құрылысшы 15-қабаттан құлап кетті

0
588

1995 және 2003 жылғы екі жұмысшы қаза болды.


Астанада екі жас құрылысшы 15-қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Астанада үйдің қасбетін салып жатқан екі жұмысшы 15-қабаттан құлап мерт болды, деп жазады baq.kz.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Астана қаласында салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешенінде қасбет қоюмен айналысқан екі жұмысшы 15-қабаттан құлап, қайтыс болды.

"Қасбет қою жұмыстары барысында 20-қабатты "A-City" тұрғын үй кешенінде 1995 және 2003 жылғы екі жұмысшы биіктіктен құлап, оқиға орнында қаза болды", - делінген полиция хабарламасында.

ПД ақпаратына сәйкес құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.