Астанада футбол жанкүйерлері үшін автобустардың жұмыс уақыты ұзартылады

0
530

30 қарашада сағат 21:30 "Астана Арена" стадионында елордалық "Астана" футбол клубы мен "Динамо" Загреб футбол клубының ойыны өтеді.


Астанада футбол жанкүйерлері үшін автобустардың жұмыс уақыты ұзартылады

ERNUR.KZ. CTS көлік компаниясы Астанада футбол жанкүйерлері үшін 10 бағыттағы автобустардың жұмыс уақыты ұзартылатынын хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

"Құрметті футбол жанкүйерлері! 30 қарашада сағат 21:30 "Астана Арена" стадионында елордалық "Астана" футбол клубы мен "Динамо" Загреб футбол клубының ойыны өтеді. Футбол жанкүйерлеріне ыңғайлы болу үшін қалалық №№ 10, 12, 26, 37, 40, 49, 51, 53, 60 және 303 қала маңы бағдарларының жүру уақыты ұзартылады. Осылайша, жанкүйерлер ойын аяқталғаннан кейін межелі жерге кедергісіз жете алады", - делінген хабарламада.