​Астанада II халықаралық этникалық сән марафоны өтеді

0
1 612

Марафон мақсаты – «этно-стиль» бағытында жұмыс істейтін дизайнерлердің басын біріктіру.


​Астанада II халықаралық этникалық сән марафоны өтеді

сурет: assembly.kz

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы елорданың 20 жылдығына арналған II халықаралық этникалық сән марафонын өткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Марафон мақсаты – «этно-стиль» бағытында жұмыс істейтін дизайнерлердің басын біріктіру. II халықаралық этникалық сән марафонына қатысуға жас дизайнерлерді, құрылымдаушы-сәнгер мамандығы бойынша білім алып жатқан жоғары және кәсіби техникалық оқу орындарындағы студенттерді, этномәдени бірлестіктердің, сондай-ақ бизнес қауымдастығының өкілдерін мен басқа да қызығушылық танытқан азаматтар қатыса алады. Сәндік марафон аясында бірегей қолөнер бұйымдарының көрмесі мен қолөнершілердің шеберлік сыныптары өткізіледі. Ұлттық киімдер көрсетіліміне қатысу талабы мынандай:


  • «Прет - а - порте» (күнделікті киім), «авангард» (сахналық киім) стилі бағытындағы топтаманы әзірлеу;
  • топтамалық бұйымдардың саны – үш өңделіп шығарылған кескін;
  • қатысушы үлгіге сәйкес анкетаны толтыруы тиіс және сән үлгісіндегі киімдер фотосын (сурет сапалы үлгідегі .jpg форматында) көрсетілген форматқа байланысты жіберуі тиіс. Эскиздерді е-mail lauradesignkz@gmail. сom поштасына жіберу қажет.
  • киімдер ұсынылу (сурет үлгісінде немесе эскиз бойынша таңдалған болуы тиіс) және киімді суреттеу;
  • каталог үшін деректер (электрондық үлгідегі фотопортрет, сондай-ақ дизайнерлер топтамасы мен дизайнерлер туралы қысқаша ақпарат болуы тиіс, ал киімдер таныстырылымының сипаттамасы (эскиз үлгісінде немесе фото үлгісінде таңдау бойынша) және киімді суреттеу болуы тиіс.
Топтамалар таныстырылымына арналған уақыт 10 минут. Марафон жеңімпаздары бағалы жүлделермен және дипломдармен марапатталады.