Астанада қала маңы бағдарларындағы бірқатар автобус тоқтатылды

0
1 707

Бұл шара ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданып отыр.


Астанада қала маңы бағдарларындағы бірқатар автобус тоқтатылды

Фото: inbusiness.kz

ERNUR.KZ. Астанада қатты аязға байланысты қала маңындағы бірқатар автобус бағыты тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Ауа райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының төмендеуі), қала маңына қатынайтын №№ 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда", – деп жазылған хабарламада.