Астанада "КамАЗ" алты көлікті соғып өтті

0
456

Жүргізуші қашып кеткен.


Астанада

ERNUR.KZ. Бүгін таңертең Астанада Циолковский көшесімен Абай даңғылына қарай келе жатқан КамАЗ тоқтап тұрған 6 көлікті соқты. Жүк көлігінің жүргізушісі қашып кеткен, деп жазады tengrinews.kz.

Елордалық Полиция департаменті мәліметінше, жүргізуші бірнеше метр жүргеннен кейін көліктен түсіп, оқиға орнынан кетіп қалған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


"Қазіргі уақытта жүргізушінің тұрылықты жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады", - деп қосты полициядағылар.