Астанада Қорғаныс министрлігінің төбесінде дрон ұшырған Ресей азаматтары ұсталды

0
719

Олардың квадрокоптерді ұшыруға рұқсат беретін құжаттары болмағаны анықталды.


Астанада Қорғаныс министрлігінің төбесінде дрон ұшырған Ресей азаматтары ұсталды

ERNUR.KZ. Астанада Қорғаныс министрлігі аумағында дрон ұшырған 2 ресейлік ұсталды, деп жазады exk.kz.

Polisia.kz-тің жазуынша, "Есіл" аудандық полиция басқармасына Астанаға келген екі Ресей азаматы жеткізілген.
21 және 28 жастағы жас жігіттер Жағалау және Қорғаныс министрлігі аумағында әуеге дрон ұшырған. Бұл деректер әртүрлі уақытта болған. Олардың квадрокоптерді ұшыруға рұқсат беретін құжаттары болмағаны анықталды.
"Жас жігіттерге түсіндіру әңгімесі жүргізілді", — деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қалалық полиция департаменті еліміз бойынша әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін азаматтардың жауапкершілікке тартылатынын ескертіп отыр.