Астанада құдыққа құлаған әйелді құтқаруға 13 адам мен 3 техника тартылды

0
655


Астанада құдыққа құлаған әйелді құтқаруға 13 адам мен 3 техника тартылды

ERNUR.KZ. Астаналық құтқарушылар құдыққа құлаған әйелді құтқарды, деп жазады ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «112» желісіне Ұлы Дала даңғылы мен Анырақай көшесінің бойында ашық құдыққа әйелдің құлап кеткені туралы хабар келіп түскен.

Шақыру орнына жедел түрде 13 қызметкер мен 3 бірлік техникадан тұратын елордалық ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Құтқару арқанының және сатысының көмегімен жедел және кәсіби іс-қимылдар нәтижесінде, сондай-ақ құтқарушының сүйемелдеуімен құдықтан 1997 жылғы әйел шығарылды.