Астанада құрылыс компанияларының басшылары тергеліп жатыр

0
281

Негізгі фигуранттардың бірі Мәскеу қаласының аумағында ұсталды.


Астанада құрылыс компанияларының басшылары тергеліп жатыр

Қылмыстық қудалау органы 10 көп пәтерлі тұрғын үй кешені бойынша жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 7 қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы прокуратурасы қылмыстық істерді тергеу барысы бақылауға алынғанын мәлімдеді.

Тергеу органы іске қатысы бар барлық адамды және олардың мүлкін анықтауға бағытталған.

7 адамға, соның ішінде құрылыс компанияларының 3 басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының көмегімен іс бойынша негізгі фигуранттардың бірі Мәскеу қаласының аумағында ұсталды.

Ол 5 млрд теңгеден асатын залал келтіргені үшін күдікке ілінді.

Бүгінгі таңда Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция негізінде күдіктіні ұстап беру туралы өтінішті қанағаттандырды.