Астанада мас күйдегі бойжеткен көлігімен әйелді қағып өлтірді

0
376

Жол-көлік оқиғасының видеосы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.


Астанада мас күйдегі бойжеткен көлігімен әйелді қағып өлтірді

ERNUR.KZ. Елордада рульге мас болып отырған бойжеткен тұрғын үйдің ауласында алдымен адамды қағып, одан әрі тұрақтағы үш көлікке соғылды. Салдарынан 42 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп жазады inform.kz.

Жол-көлік оқиғасының видеосы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

«Toyota Camry» көлігінің 20 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды.

«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Астана қаласының Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын тұлғалардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген мәліметте.