Астанада мектеп бухгалтерлері 130 млн теңге жымқырған

0
255

Мектепте жұмыс істемейтін адамдарға жалақы мен сыйақылар аударылған.


Астанада мектеп бухгалтерлері 130 млн теңге жымқырған

Астанада мектеп есепшілері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елорда прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

«7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн. теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады», - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілді.