Астанада мемлекеттік қызметкер қамауға алынды

0
906

Бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінген.


Астанада мемлекеттік қызметкер қамауға алынды

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп жазады sputnik.kz.

Бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінген.
"Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы былтыр желтоқсанда квазимемлекеттік кәсіпорынға жүргізіліп жатқан тексеру бойынша салықтарды төмендеткені үшін 20 млн теңге көлемінде пара алған. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауда отыр", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта Астана қаласының прокуратурасы айыпталушыны сотқа берді.