​Астанада оқушылар көлік картасын мектептен ала алады

0
1 150

Сондай-ақ, transcard.kz сайт арқылы онлайн сұраныс беруге болады.


​Астанада оқушылар көлік картасын мектептен ала алады

ERNUR.KZ. "Астана LRT" ЖШС орталық кассасында бейберекетке байланысты атаулы мектеп көлік карталары оқу орындарында беріледі, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқушының ата-анасы немесе қамқоршысы Қажымұқан көшесі, 14-үй мекенжайында орналасқан "Астана LRT" ЖШС орталық кассасында анкета толтыру тиіс. Арыз бес жұмыс күнінде қарастырылады. Компаниядағылардың айтуынша, дайын болған кезде оқушы не ата-анаға телефон арқылы хабарланады.

"Дайын карта мектепке оқушыға келеді. Оның сынып жетекшісі тапсырады. Бұл арыздың көшірмесі болмайды. Карта бір рет беріледі және қарапайым көлік картасы секілді ақша толтырылады. Жыл сайын қайта шығарудың қажеті жоқ", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Сондай-ақ, transcard.kz сайт арқылы онлайн сұраныс беруге болады. Алайда ол кезде картаны алу үшін орталық кассаға келу қажет. Карта кезектен тыс беріледі.