Астанада оқушылардың сабақтары қысқартылды

0
546

Астаналық оқушылардың сабақ уақыты 35 минутқа дейін қысқартылды.


Астанада оқушылардың сабақтары қысқартылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады baq.kz.

Басқарма мәліметінше, астаналық оқушылардың сабақ уақыты 35 минутқа дейін қысқартылды.

Құрметті ата-аналар және оқушылар! Астана қаласының Білім басқармасы ауа райы жағдайларын ескере отырып, екінші ауысым сабақтарының уақытын 35 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Сабақ соңында оқушыларды мектептен ата-аналары немесе заңды өкілдері алып кеткені дұрыс. Қолданыстағы ережелерге сәйкес жаңбыр мен көктайғақ сабақтарды тоқтатуға негіз бола алмайды. Сондай-ақ әрбір ата-ана сынып жетекшісіне алдын ала хабарлай отырып, баланы мектепке жібермеуіне болады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.