Астанада өз қызын зорлап келген әскери қызметкер өмір бойына сотталды

0
333

Оған сондай-ақ химиялыө кастрация жасалады.


Астанада өз қызын зорлап келген әскери қызметкер өмір бойына сотталды

ERNUR.KZ. Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты Ақтау қаласындағы №25 744 әскери бөлімінің бұрынғы сарбазы, яғни теңіз жаяу әскері бригадасының сержантына туған қызын зорлады деген айыппен үкім шығарды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«НеМолчи» қоры хабарлағандай, әскери қызметкерге ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі «Зорлау», ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы бірнеше мәрте жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, ҚР ҚК-нің 124-бабының 3-бөлігі «Кәмелетке толмағанға азғындық әрекеттер жасауй бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және химиялық кастрация жасау жазасы кесілді.

Ер адам өзінің 11 жастағы қызын зорлап келген.

«Бұл баланың басынан өткергенін ойлаудың өзі қорқынышты. Апелляциялық сот бұл әділ үкімді өз күшінде қалдырады деп сенеміз!», - деп жазды Дина Таңсәрі.