Астанада парашютпен секірген ер адам қайтыс болды

0
436

Қайғылы оқиға 31 шілдеде болған.


Астанада парашютпен секірген ер адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Астанада парашютпен секірген 58 жастағы ер адам қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.

Қайғылы оқиға 31 шілдеде болған.
"Алматы ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне көпсалалы қалалық ауруханадан науқастың реанимация бөлімінде қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. 58 жастағы ер адамды жедел жәрдем бригадасы Астана-Көкшетау тас жолында орналасқан парашют клубынан алып кеткен", - дейді ведомстводағылар.
Полиция мәліметінше, қазір тергеу басталды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар жасалады.