Астанада полиция бақылауы күшейтіліп, блокбекеттер қойылып жатыр

0
340

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан өтіп жатқан шараларға түсінікпен қарау сұралды.


Астанада полиция бақылауы күшейтіліп, блокбекеттер қойылып жатыр

ERNUR.KZ. Астана полициясы күшейтілген режимдегі қызметке көшіп, елорданың периметрі бойынша жеті бақылау-өткізу бекеті қойылып жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, елордада құқықтық тәртіп пен қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін шет мемлекеттер басшылары қатысатын ірі қоғамдық-саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты департаменттің жеке құрамы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

"31 қазанда сағат 8:00-ден бастап қаланың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалаларының, сондай-ақ Қорғалжын, Астраханка кенттері бағыты бойынша және халықаралық әуежайға кіреберісте (қала жағынан) азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру үшін блокбекеттер қойылып жатыр", - делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан өтіп жатқан шараларға түсінікпен қарау сұралды.