Астанада шахматтан әлем чемпионаты басталды

0
809

Дүбірлі дода 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтеді,


Астанада шахматтан әлем чемпионаты басталды

ERNUR.KZ. Іс-шараның ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов оқыды, деп жазады baq.kz.

Президент турнирге қатысушылар мен қонақтарды әлем чемпионатының басталуымен құттықтап, жарыстың спорт жанкүйерлері үшін маңызын атап өтті. Сондай-ақ, әлем біріншілігін елордада өткізу елімізде шахматтың дамуына үлкен серпін беретініне сенім білдірді.

Іс-шараның өзі жеребе тарту рәсімімен аяқталды. Ұйымдастырушылар оны жаңаша форматта өткізді, яғни шахматшылар бірінші матчта ойнайтын фигуралардың түсін арнайы робот анықтады. 1 мамырға дейін әлемнің ең үздік шахматшылары Ян Непомнящий мен Дин Лижен чемпиондық атаққа таласады.

Турнир бағдарламасы әлем чемпионы атағы үшін матчтармен шектелмейді, 17-19 сәуірде қазақстандық шахматшылар танымал шетелдік спортшылардан жасақталған «Әлем құрамасына» қарсы рапид пен блицтен де матчтар өткізеді.