Астанада спортты дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды

0
408

Заңсыз әрекеттерден мемлекетке 70 млн теңге шығын келтірілген.


Астанада спортты дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды

ERNUR.KZ. Астана қаласы әкімдігінің "Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының" лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп жазады sputnik.kz.

Агенттіктің мәліметінше, аталған факті бойынша агенттіктің елордалық департаменті тергеу жүргізіп жатыр.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2020-2023 жылдар аралығында шетелде де, республика ішінде де оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсету арқылы ақша жымқырылған.
Іс жүзінде жұмсалған ақшадан қалған қаражатты дирекцияның басшылығы алып отырған.
Заңсыз әрекеттерден мемлекетке 70 млн теңге шығын келтірілген.
Сонымен қатар, мекеме басшысы оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды.
Дирекция бастығы қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.