Астанада сыра ішіп тұрған кішкентай қыздар камераға түсіп қалды (видео)

0
1 371

Видеодан гараждардың арасында кәмелет жасқа толмаған қыздардың сыра бөтелкесін алма-кезек ішіп тұрғанын көруге болады


Астанада сыра ішіп тұрған кішкентай қыздар камераға түсіп қалды (видео)

ERNUR.KZ. Елорда аулаларының бірінде гараждардың арасында сыра ішіп тұрған бір топ кішкентай қыз камераға түсіп қалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева хабарлады, деп жазады Baq.kz.

Әкімдіктің баспасөз хатшысы Фейсбук желісіне видео жүктеді. Онда қаланың ішіндегі гараждардың арасында кәмелет жасқа толмаған қыздардың сыра бөтелкесін алма-кезек ішіп тұрғанын көруге болады. Олар қаладағы iKomek орталығының камераларына түсіп, полиция жедел жетіп барды.


"Мынаны қараңыздар! Бұл қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы бейнебақылау камераларының көмегімен түсірілген бейнетаспа", - деп жазды видео астына Эльвира Жүргенбаева.

Балалар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 2-бөлімі 440-бабы бойынша заң бұзып тұр.